Оқу уақыты: 1 мин

Канело мен Скалл Эр-Риядта абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасады

Канело мен Скалл Эр-Риядта абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасады

Бүгін Эр-Риядта үлкен кәсіби бокс кеші өтеді — басты оқиға супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) пен Уильям Скалл (23-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек болмақ.

The Venue Riyadh Season аренасындағы бокс шоуының трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:00-де DAZN платформасында басталады, ал басты жекпе-жек сағат 08:00-ден кейін жоспарланған. 1XBET букмекерлік компаниясы мексикалық боксшыға басымдық береді.

Кештің кардында танымал жұдырықшылар да өнер көрсетеді:

  • Хайме Мунгия (44-2, 35 КО)
  • Баду Джек (28-3-3, 17 КО)
  • Мартин Баколе (21-2, 16 КО)

Жалпы көрермендерді сегіз кәсіби жекпе-жек күтіп тұр.