Оқу уақыты: 1 мин

Канело мен Скалл чемпиондық жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті

Канело мен Скалл чемпиондық жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті

Суперорта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) пен жеңілмеген кубалық боксшы Уильям Скалл (23-0, 9 КО) алдағы жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті.

Чемпиондық жекпе-жек Эр-Риядта өтеді — боксшылар 3 мамырдан 4 мамырға қараған түні рингке шығады. Мексикалық чемпион соңғы рет өткен күзде рингке шыққан болатын, сол кезде төрешілердің бірауызды шешімімен пуэрториколық Эдгар Берланганы (23-1, 18 КО) жеңген еді.

Титулға үміткер Скалл соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізді — кубалық боксшы ресейлік Владимир Шишкинді (16-1, 10 КО) ұпай санымен жеңді.