04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Канело мансабын аяқтайтын уақытын нақтылады

Суперорта салмақтағы әлем чемпионы

Суперорта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес 37 жасында спорттық жолын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты.

«Турки Әл аш-Шейх – бокспен қоштасатын жекпе-жегімді ұйымдастырғысы келетін адам. Денсаулығым жақсы, әлі біраз уақыт рингке шығуға қауқарым бар. Бірақ мен ақша немесе атақ үшін жұдырықтасқым келмейді. 37 жас – кететін уақытым деп шештім», – деді Канело.

Қазір Сауль Альвареске 34 жаста. Ол кәсіпқой бокстағы дебютін 2005 жылы өткізген. 2011 жылы бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанып, кейін орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ санаттарында да белбеу иеленген.

37 жасында спорттық жолын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты.