Оқу уақыты: 1 мин

Канело мансабын аяқтауы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Канело мансабын аяқтауы мүмкін

Бокс әлемінің жұлдызы Сауль «Канело» Альварес рингпен қоштасуға жақын. Белгілі промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Канело қыркүйек айында Теренс Кроуфордқа қарсы өтетін жекпе-жектен кейін мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.

Хирннің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Альварестің боксқа деген мотивациясы мен нақты мақсаты жоқ. Бұл – рингтегі ұзақ жолдың соңына жеткенін білдіруі мүмкін.

Канело – бірнеше салмақта әлем чемпионы атанған, тарихи жекпе-жектерге қатысқан ерекше тұлға. Егер бұл рас болса, қыркүйектегі кездесу оның мансабындағы соңғы жекпе-жек болмақ.