Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Канело Биволдан кек алғысы келеді

WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтың әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес алдағы уақытта ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл жекпе-жек оның америкалық Терренс Кроуфордпен мүмкін болатын кездесуінен кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы prosports.kz жазды.

«Биволмен реванш мүмкіндігі туады деп үміттенемін. 175 фунтқа дейінгі салмақта мен келісетін жалғыз жекпе-жек – осы. Бірінші кездесуде көп нәрсе түсіндім. Кейбір қателіктерді қайталамау керек екенін ұқтым. Ішкі түйсігім: “Сен одан мықты екеніңді дәлелдеуің керек”, – деп тұр», – деді мексикалық боксшы.

Айта кетейік, 2022 жылдың мамыр айында өткен алғашқы кездесуде Бивол Канелоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.