Оқу уақыты: 1 мин

Канело Альварес Скаллмен жекпе-жек алдында барлық заманның ұлы боксшыларын атады

DAZN Boxing мәліметінше, әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес барлық заманның ұлы боксшыларының рейтингін құрастырды.

Беделді тізімге мыналар енді:

  • Мохаммед Әли
  • Шугар Рэй Леонард
  • Шугар Рэй Робинсон
  • Флойд Мейвезер-кіші
  • Марвин Хаглер

Кеше салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен мексикалық боксшы — 75,8 келі салмақ көрсетіп — бүгін кешке Уильям Скаллға қарсы өз титулдарын қорғауға дайындалуда.