Оқу уақыты: 1 мин

Канело Альварес пен Уильям Скалл абсолют чемпион атағы үшін жұдырықтасады

Канело Альварес пен Уильям Скалл абсолют чемпион атағы үшін жұдырықтасады

Эр-Риядта, Сауд Арабиясында, ертең супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді — рингке Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) пен Уильям Скалл (23-0, 9 КО) шығады.

Жекпе-жек трансляциясы Астана уақыты бойынша сағат 08:00-ден кейін DAZN стримингтік платформасында басталады — букмекерлер мексикалық боксшыға басымдық береді.

Альварес сегіз ай бұрын өзінің соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Эдгар Берлангадан (23-1, 18 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Оның қарсыласы Скалл өткен жылдың қазан айында ресейлік Владимир Шишкинді (16-1, 10 КО) ұпай санымен жеңген болатын.