Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Канело Альварес кек қайтару туралы ойын бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Канело Альварес мансабында жеңілген боксшылардан кек қайтарғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол SecondsOut арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен Биволмен реванш өткізу мүмкіндігі болады деп үміттенемін. Бұл 175 фунт салмақта болуы мүмкін жалғыз жекпе-жек. Әрине, мен Мейвезермен де қайта жұдырықтасуды қалар едім, кек қайтаруға мүмкіндік болса, қуана қабылдар едім. Бірақ екеуіміз де мұндай жекпе-жек енді болмайтынын білеміз. Дегенмен онымен арадағы әңгімені біржолата шешкім келеді», – деді Канело.

Еске салайық, Канело Альварес 2022 жылы Дмитрий Биволдан, ал 2013 жылы Флойд Мейвезерден жеңілген болатын.