Оқу уақыты: 1 мин

Канело Альварес абсолют чемпион атағы үшін жеңілмеген кубалықпен жұдырықтасады

Канело Альварес абсолют чемпион атағы үшін жеңілмеген кубалықпен жұдырықтасады

3 мамырдан 4 мамырға қараған түні Эр-Риядта Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) жеңілмеген кубалық боксшы Уильям Скаллмен (23-0, 9 КО) кездеседі — супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Жекпе-жек қазақстан уақыты бойынша 23:00-ден кейін DAZN платформасында басталады — букмекерлер мексикалық боксшыны кездесудің айқын фавориті деп санайды.

Сегіз ай бұрын өткен соңғы жекпе-жегінде Альварес пуэрториколық Эдгар Берланганы (23-1, 18 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңсе, ал Скалл өткен жылдың қазан айында ресейлік Владимир Шишкинді (16-1, 10 КО) ұпай санымен басым түсті.

Алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе, Альварес қыркүйекте жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жұдырықтасады.