Оқу уақыты: 1 мин

Камила Валиева туған күнін атап өтті

Камила Валиева туған күнін атап өтті

Sport24.ru хабарлауынша, Этери Тутберидзенің шәкірті — мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева өзінің туған күнін атап өту сәттерімен телеграм-арнасында бөлісті.

19 жасқа толған Валиева мерекелік рәсімнен қысқа бейнежазба жариялады. Кадрларда спортшы торттағы майшамдарды өшіріп, бетіне крем жағып күліп, тәттіден ауыз тиеді.

Қазіргі уақытта Камила Валиева допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін дисквалификация жазасын өтеуде. Бұл шектеу мерзімі осы жылдың желтоқсанында аяқталады. Спортшы бұған дейін дисквалификация мерзімі аяқталған соң жарыс мансабына қайта оралғысы келетінін мәлімдеген болатын.