20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында екінші орын алды

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Самоков қаласында (Болгария) күрестен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Өзбекстан өкілі Шерзод Поёновпен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алған болатын: Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Құлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі).

Команданың басты жетістігі ауыр салмақтағы жеңіс болды: 18 жастағы Едіге Қасымбек 125 келі салмақта 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Ол финалда ирандық Аболфазл Мохаммад Мохаммаднежадты 4:1 есебімен сенімді жеңді.