10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Камил Гаджиев UFC титулы үшін өтетін Чимаев — Дю Плесси жекпе-жегіне болжам жасады

Metaratings.ru мәліметі бойынша, Fight Nights президенті Камил Гаджиев UFC-дегі ықтимал чемпиондық тартыс жайлы өз ойын білдірді.

Менің ойымша Хамзат Дю Плессиді тоқтатады. Себебі Чимаев — бүгінде MMA-дағы ең қауіпті және үстем файтер егер алғашқы екі раундты айтар болсақ. Ал одан әрі не болады бұл әрине сұрақ өйткені біз Хамзаттың функционалдығы қандай екенін әлі білген жоқпыз. Камару Усманмен жекпе-жекте қиындықтар болды, оны бәріміз көрдік. Ал мүмкін біз бұл сұраққа ешқашан жауап алмаймыз себебі ол бәрін тым оңай жеңіп жатыр

Хамзат Чимаев (14-0) өзінің соңғы жекпе-жегінде қазан-2024 UFC-308 турнирінде Роберт Уиттакерді мерзімінен бұрын жеңді. (бірінші раунд, сабмишн).

Ал Дрикус дю Плесси (23-2) кеше ғана (09.02.2025) Сиднейдегі UFC-312 турнирінде Шон Стриклендпен бес-раундтық тартыста өз титулын қорғап, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.