28.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Камил Гаджиев: Рахмонов пен Махачевтің жекпе-жегі ТМД-да ММА дамуының жаңа шыңы болуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, FIGHT NIGHTS лигасының басшысы Камил Гаджиев Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді. Гаджиев Рахмоновтың Белал Мұхаммедпен алдағы жекпе-жегінде ТМД елдерінің бірлігін және Қазақстан өкілінің қолдауы ерекше екенін атап өтті. Алайда, Рахмонов пен Махачев кездесетін болса, жағдай мүлде басқаша өрбитінін айтты.

«Егер бұл жекпе-жек өтсе, бұл Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы қарсыластықтан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі ең керемет оқиға болар еді. Бұл ММА-ның ТМД аумағындағы даму шыңы болады», — деп мәлімдеді Гаджиев «Аптаның қорытындысы» бағдарламасында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы жартылай орта салмақтағы титул үшін жекпе-жек UFC 310 турнирі аясында 8 желтоқсанға жоспарланған. Жақында өткен баспасөз мәслихатында UFC президенті Дана Уайт, егер қазақстандық жауынгер жеңіске жетсе, Рахмонов пен жеңіл дивизионның қазіргі чемпионы Ислам Махачевтің жекпе-жегін ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.