15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Камару Усман UFC-дегі басты жекпе-жекте Хоакин Баклиді сенсациялық жеңді

Камару Усман UFC-дегі басты жекпе-жекте Хоакин Баклиді сенсациялық жеңді

Атлантада өткен UFC on ESPN 69 турнирінің басты жекпе-жегінде Камару Усман (21-4) орта салмақта Хоакин Баклиді (21-7) күтпеген жерден жеңді.

Бес раундқа созылған жекпе-жек — төрешілердің бірауызды шешімімен нигериялық спортшының пайдасына 49-46, 49-46, 48-47 есебімен аяқталды.

Бұл дивизионда жеңілмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов (19-0) үшінші орында тұр — ал Усман мен Бакли тиісінше бесінші және жетінші орындарды иеленген.