15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Камару Усман үш раундтық сәтсіздіктен кейін жеңіске оралды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Камару Усман үш раундтық сәтсіздіктен кейін жеңіске оралды

Атлантада өткен UFC on ESPN 69 турнирінде жартылай орта салмақтағы басты жекпе-жекте бұрынғы чемпион Камару Усман мен америкалық Хоакин Бакли күш сынасты.

38 жастағы Усман қатарынан үш жеңілістен кейін үлкен қысымда өнер көрсеткенімен, өз деңгейін әлі жоғалтпағанын дәлелдеді. Бес раундқа созылған тартысты айқаста нигериялық файтер тәжірибесін, төзімділігін және техникалық артықшылығын көрсетіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бұл — Усманның кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісі (4 жеңіліс). Ал қарсыласы Хоакин Бакли бұған дейін алты жекпе-жекте қатарынан жеңіске жеткен еді, бірақ бұл жолы тәжірибелі қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады. Енді оның рекорды — 21 жеңіс, 7 жеңіліс.

Турнирдің қосалқы басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионкасы Роуз Намаюнас октагонға қайта оралды. Ол Миранда Маверикпен кездесіп, үш раунд бойы үстемдік танытып, төрешілердің шешімімен сенімді жеңіске жетті.