14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Калинская Берлиндегі турнирдің іріктеу кезеңінде күтпеген жеңіліс тапты

Калинская Берлиндегі турнирдің іріктеу кезеңінде күтпеген жеңіліс тапты

Анна Калинская Берлиндегі теннис турнирінің іріктеу кезеңінің бірінші айналымында күтпеген жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды WTA Tour.

Ресейлік теннисші — қызу тартыста Германия өкілі Элла Зайдельге 6:4, 4:6, 6:7 есебімен жол берді.

Айта кетерлігі, бір жыл бұрын Калинская Берлинде өзінің ең үздік нәтижесін көрсетті — турнир финалына дейін жетіп, америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Осы жеңілістен кейін әлемдік рейтингте 28-ші орында тұрған теннисші 40-шы орын маңына түседі.