15.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Какау Қазақстан футзал құрамасын қайта жаттықтыруы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Какау Қазақстан футзал құрамасын қайта жаттықтыруы мүмкін

Белгілі комментатор Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын қайтадан бразилиялық маман Какау баптауы мүмкін.

Какау бұған дейін де «Қайрат» клубы мен ұлттық құраманы жаттықтырған. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионаттарында тарихи нәтижелерге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы өтпелі кездесуде Италиядан жеңіліп, алдағы Еуропа чемпионатына жолдама ала алмай қалған еді.