05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кахабер Цхададзе: «Кайрат Боранбаев – футболға шын ниетпен инвестиция құятын санаулы адамның бірі»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кахабер Цхададзе: «Кайрат Боранбаев – футболға шын ниетпен инвестиция құятын санаулы адамның бірі»

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кахабер Цхададзе Sports24.kz порталына берген сұхбатында клуб иесі Кайрат Боранбаевтың Қазақстан футболына қосқан үлесін жоғары бағалап, оған ерекше құрмет білдірді.

«Шын жүректен сәттілік тілеймін, себебі бұл – артында нақты қолдаушысы бар ұжым. Қазақстан футболы үшін көп іс атқарып жүрген жан – ол Кайрат Советаевич Боранбаев. Шынымды айтсам, мен посткеңестік кеңістікте футболға дәл осылай шын көңілмен, жүйелі түрде инвестиция салып жүрген екі-ақ адамды білемін. Олар – Ринат Ахметов («Шахтер» Донецк) және Кайрат Боранбаев («Қайрат» Алматы). Сондықтан оған зор құрмет пен алғысымды білдіремін», – деді грузиялық маман.

Кахабер Цхададзе «Қайратты» 2016–2017 жылдары жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанып, ел кубогының финалына жетіп, 2017 жылғы Суперкубокты жеңіп алды. Алайда жазда еурокубоктағы сәтсіздіктерден кейін клубтан кеткен болатын.

Сондай-ақ, Цхададзе өз уақытында «Ордабасы» мен «Каспий» клубтарында да жұмыс істеген. Қазіргі таңда ол Әзербайжанның «Габала» командасының бас бапкері.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!