Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Кафуды футбол тарихындағы ең үздік оң қорғаушы атанды

GiveMeSport мәліметі бойынша британдық басылым футбол тарихындағы ең көрнекті оң қорғаушылардың тізімін жариялады.

Аңызға айналған бразилиялық Маркос Кафу — «Милан» «Рома» және Бразилия құрамасында ойнап даңққа бөленген футболшы беделді рейтингтің бірінші орнын иеленді.

Тізімге әр түрлі дәуір мен елдерден он бес футболшы енді:

  • Кафу (Бразилия)
  • Дани Алвес (Бразилия)
  • Филипп Лам (Германия)
  • Карлос Альберто (Бразилия)
  • Хавьер Дзанетти (Аргентина)
  • Лилиан Тюрам (Франция)
  • Гари Невилл (Англия)
  • Джалма Сантос (Бразилия)
  • Джузеппе Бергоми (Италия)
  • Джанлука Дзамбротта (Италия)
  • Кайл Уокер (Англия)
  • Берти Фогтс (Германия)
  • Мауро Тассотти (Италия)
  • Манфред Кальтц (Германия)
  • Дуглас Майкон (Бразилия)

Айта кетерлігі рейтингтің үздік бестігіне бразилиялық футбол мектебінің бірден үш өкілі енді — бұл оңтүстік америкалық қорғаушылардың ерекше талантын растайды.