11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КӘЧ-2025 ашылу матчына қызығушылық төмен

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
КӘЧ-2025 ашылу матчына қызығушылық төмен

АҚШ-та өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025 турнирінің ашылу матчына қызығушылық төмен болып тұр.

FIFA мәліметінше, 15 маусым күні өтетін алғашқы ойынға арналған 65 000 билеттің әзірге тек 25 000-ы ғана сатылған. Осыған байланысты ұйымдастырушылар аншлагқа қол жеткізу үшін билет бағасын 6 есеге дейін төмендетуге мәжбүр болды.

Турнирдің шымылдық ашар ойынында Сауд Арабияның «Әл-Ахли» клубы мен Лионель Мессидің «Интер Майамиі» кездеседі. Жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық тудыруы тиіс бұл ойынға сұраныстың аз болуы FIFA үшін күтпеген жағдай болып отыр.