17.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

JudoWorld7 қазақстандықтың Баку Grand Slam-дағы жарқын жеңісіне тәнті болды

Танымал Instagram-блог JudoWorld7 қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаевтың Бакудегі беделді Grand Slam турнирінде көрсеткен жарқын өнерін жоғары бағалады.

Ерасыл Қажыбаев — 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Баку турнирінің қола жүлдегері. Ол Golden Score-да Саба Инанеишвилиден тамаша иппонмен жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Ауыр салмақта (100-кг жоғары) алтын медальді жапониялық — Хёга Ота жеңіп алды күміс медальді ресейлік Тамерлан Башаев иеленді ал екінші қола медальді жапон спортшысы Канта Накано алды.