14.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын баптаудан бас тартты

Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын баптаудан бас тартты

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері, әлем чемпионы Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын жаттықтыру ұсынысын қабылдамадыдеп хабарлайды Prosports.kz.

65 жастағы маман біраз уақыт футболға қайта оралу мүмкіндігін қарастырғанымен, соңында бұл қадамнан бас тартты. Бұл жөнінде неміс басылымдары жазды.

Лев 2006 жылдан 2021 жылға дейін Германия құрамасын басқарды. Оның жетекшілігімен команда 2014 жылы әлем чемпионы атанып, Еуро-2008 финалына шықты.