28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Иванишевич Джоковичтің вакцина салдырмай мансабын аяқтауға дайын болғанын айтты

Tennis365 мәліметі бойынша, бапкер Горан Иванишевич Новак Джоковичтің коронавирусқа қарсы вакцинация туралы ұстанымының егжей-тегжейін жария етті.

«Новак вакцинадан бас тартты және осы себепті мансабын аяқтауға дайын болды, бірде-бір кәсіби спортшы мұндай шешім қабылдаған емес», – деді Иванишевич.

Сербиялық теннисшінің жаттықтырушысы атап өткендей, қоғам тарапынан қатаң сынға қарамастан, Джокович өз қағидалары мен сенімдерін берік ұстанды.

«Ол ешкімге вакцина салдырмаңдар деген емес, бізді де ешқашан тоқтатқан жоқ. Біз бәріміз вакцина салдырдық. Ол Белградта турнир ұйымдастырып, басқа ойыншылардың вакцинация алуына ықпал етті, бірақ өзі салдырмады», – деді бапкер.

Иванишевич спортшының шешімді тек өзі үшін, өз ағзасын білуіне сүйеніп қабылдағанын, бірақ басқалардың таңдауына кедергі келтірмегенін атап өтті.