07.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иван Юрич АПЛ-дегі сәтсіз тәжірибеден кейін «Аталантаны» басқарады

Иван Юрич АПЛ-дегі сәтсіз тәжірибеден кейін «Аталантаны» басқарады

«Аталантаның» ресми сайтының мәліметінше, Иван Юрич команданың жаңа бас бапкері болды — хорват маманы 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.

49 жастағы бапкер бұл қызметте Джан Пьеро Гасперниді алмастырды — тәжірибелі италиялық маман мансабын «Ромада» жалғастыруға шешім қабылдады.

Юричтің бапкерлік мансабында «Торино», «Дженоа» және «Рома» сияқты клубтармен жұмыс тәжірибесі бар. Маманның соңғы жұмыс орны «Саутгемптон» болды — команда маусым аяқталуына жеті тур қалғанда АПЛ-ден түсіп қалды.