30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иван Миладинович операцияны сәтті өткерді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Иван Миладинович операцияны сәтті өткерді

Қостанайдың «Тобыл» клубының қорғаушысы Иван Миладинович Финляндияда ахилл сіңіріне жасалған операцияны сәтті өткізді.

Хирургиялық араласу Турку қаласында өтті. Дәрігерлердің айтуынша, операция ешқандай асқынусыз өтті және футболшы алдағы апталарда мамандардың бақылауымен оңалту курсын бастайды.

Еске сала кетейік, сербиялық легионер Премьер-лиганың 17-турында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойында (0:0) жарақат алған болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!