14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иван Дычко кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін алды

Иван Дычко кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін алды

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (15-1, 14 КО) кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін алды — Лас-Вегастағы Канело-Кроуфорд бокс кешінің андеркардында америкалық Джермейн Франклинге (24-2, 15 КО) жол берді.

Ауыр салмақтағы он раундтық жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен Франклиннің жеңісімен аяқталды — америкалық үшін бұл кәсіби рингтегі 24-ші жеңісі болды.

2017 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келе жатқан 35 жастағы Дычко биыл екінші жекпе-жегін өткізді — алдыңғы кездесуде ол Сэмюэль Кроссты (11-5-1, 7 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.