20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Иван Дычко бір жылдық үзілістен кейін америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Иван Дычко бір жылдық үзілістен кейін америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко бір жылдық үзілістен кейін кәсіби рингке сәтті оралды — Вашингтонда ол америкалық боксшы Сэмюэл Кроссдты мерзімінен бұрын жеңді.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды — қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы жекпе-жектен кейін Дычконың жеңістер саны он беске жетті, оның он үші мерзімінен бұрын аяқталған.

Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық боксшы танымал британдық ауыр салмақтағы боксшы Энтони Джошуамен спаррингтер өткізген, тіпті оны нокдаунға түсірген.