04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Италияның ең көне клубтарының бірі банкрот деп танылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Италияның ең көне клубтарының бірі банкрот деп танылды

Италия футбол федерациясы (FIGC) «Брешия» клубын ресми түрде кәсіби футбол жарыстарына қатысушылар қатарынан шығарды. Команда 2025/26 жылғы маусымға лицензия ала алмады.

Мұның себебі – қаржылық тәртіптің өрескел бұзылуы. Клубтың иесі Массимо Челлино қарыздарды өтеу үшін қажет 3 миллион еуроны төлеуден бас тартқан. FIGC мәліметінше, клуб лигаға тиесілі 1,1 миллион еуроны төлемеген, наурыз және сәуір айларының жалақыларын кешіктірген, сондай-ақ өзге де қаржылық міндеттемелерін орындамаған.

1911 жылы құрылған «Брешия» ресми түрде банкрот деп жарияланды. 114 жылдық тарихында клуб бірнеше рет Серия А-да ойнаған. Әр жылдары бұл командада Андреа Пирло, Роберто Баджо және Пеп Гвардиола сынды футбол аңыздары өнер көрсеткен.