25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Италияда жанкүйерлер төбелес шығарып, стадионға кіруден бір жылға шеттетілді

Италияда жанкүйерлер төбелес шығарып, стадионға кіруден бір жылға шеттетілді

Италия чемпионатының сегізінші дивизионында өткен плей-офф ойыны кезінде жанкүйерлер төбелес шығарып, төрт адам бір жылға футбол матчтарына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 мамыр күні «Сарнано» мен «Кальдарола» командаларының кездесуі кезінде екі жақтың екі жанкүйері төбелесіп қалған. Жағдай ушығып, төреші ойынды 20 минутқа тоқтатуға мәжбүр болған.

Кейін тергеу жүргізіліп, телефонға түсірілген видеолар мен полиция деректері негізінде кінәлілер анықталды. Мачерата қаласының полиция басшысы оларды DASPO тәртібімен жазалап, спорттық іс-шараларға баруға тыйым салды.