24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Италияда Серия А-ның жаңа маусымы басталды: алғашқы матч нәтижелері

Италияда Серия А-ның жаңа маусымы басталды: алғашқы матч нәтижелері

Италияда жаңа футбол маусымы басталды — Серия А-ның бірінші турының алғашқы матчтары күтпеген нәтижелер әкелді.

«Наполи» сырт алаңда «Сассуоломен» кездесуде сенімді ойын көрсетіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар «Милан» өз алаңында күтпеген жерден «Кремонезеден» 1:2 есебімен жеңілсе, «Рома» «Болоньяны» 1:0 есебімен әрең жеңді.

Алдағы күндері жанкүйерлерді тағы да қызықты ойындар күтіп тұр — «Аталанта» «Пизаны» қабылдайды, «Ювентус» «Пармамен» ойнайды, ал «Интер» «Ториномен» кездеседі.