Оқу уақыты: 1 мин

Италия Суперкубогының жұптары анықталды

Италия Суперкубогының жұптары анықталды

Журналист Николо Скираның мәліметі бойынша, Италия Суперкубогының қатысушылар жұбы анықталды — турнир тағы да Сауд Арабиясы аумағында өтеді.

Бірінші қарсыластықта Серия А чемпионы «Наполи» Италия Кубогының финалисі «Миланмен» күш сынасады. Екінші матчта ұлттық Кубок иегері «Болонья» чемпионаттың күміс жүлдегері «Интермен» кездеседі.

Турнир ұйымдастырушылары матчтардың нақты күндерін әлі жарияламады.