11.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Италия – Румыния: 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына болжам (12.06.2025)

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Италия – Румыния: 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатына болжам (12.06.2025)

2025 жылғы 12 маусымда Астана уақытымен 00:00-де Словакияның Трнава қаласындағы «Антон Малатинский атындағы стадионда» 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты аясында Италия және Румыния құрамалары кездеседі. Букмекерлер бұл ойында фаворит ретінде италиялықтарды санап отыр. Қос команданың қазіргі формасын саралап, матчқа болжам ұсынамыз.

Италия
Италияның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінен сенімді өтті – топта бірінші орынды иеленді. Қарсыластары – Норвегия, Ирландия, Түркия, Латвия және Сан-Марино болды. Кармине Нудзиатта шәкірттері 10 тур бойы жеңілмеді: 6 жеңіс, 4 тең ойын. Команда шабуылда да, қорғаныста да сенімді ойын көрсетті – жалпы есеп 27:4. Италия шабуылының көшбасшысы – «Интер» ойыншысы, қазіргі кезде «Специяда» жалда ойнап жүрген 19 жастағы Франческо Эспозито.

Румыния
Румыния құрамасы да өз тобында жеңімпаз атанды, бірақ көрсеткіші сәл қарапайым – 7 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс. Қарсыластары – Швейцария, Черногория, Албания, Финляндия және Армения. Жалпы есеп – 23:10. Румындар италиялықтардай мықты емес, бірақ кез келген қарсыласпен лайықты деңгейде ойнай алады. Мысалы, биылғы наурызда олар Португалияның жастар құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, андердог мәртебесінде сенсация жасады. Қазір де дәл осындай мәртебеде ойнап жатқан Румыния Испания, Италия және Словакиямен бір топқа түсті. Топтан шығу мүмкіндігіне берілген коэффициент – 20.00.

Статистика және өзара кездесулер
Қос команда осыған дейін тек екі рет жолдастық матчта кездескен. 2014 жылы румындар 2:1 есебімен жеңсе, 2021 жылы италиялықтар 4:2 есебімен басым түскен.

Болжам
Италия – Румыния матчында болжамды Кармине Нудзиатта шәкірттерінің пайдасына жасаймыз. Италия іріктеу кезеңінен сенімді өтті, ойыншыларының сапы терең әрі қазіргі формасы да жоғары. Сондықтан Италияның жеңісіне бәс тігуді ұсынамыз — коэффициент 1.61.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча