09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Италия құрамасы бас бапкерімен қоштасты

Италия ұлттық құрамасының бас бапкері Лучано Спалетти мезгілінен бұрын қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы құраманың баспасөз қызметі мәлімдеді. Лучано Спалетти ертең Молдоваға қарсы соңғы ойынын өткізеді.

66 жастағы маман құрама тізгінін 2023 жылдың күзінде ұстаған еді. Содан бері 23 матч өткізіп, соның 11-де жеңіске жетті (6 тең матч, 6 жеңіліс).

Қазір ұлттық құрамаға Стефано Пиоли мен Клаудио Раньери басты кандидат саналып отыр.