03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Италия А Сериясы: «Милан» мен «Интер» ұпай бөлісті

«Милан» Италия А сериясының 23-турында «Интермен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды. 45-минутта Тиджани Рейндерс «Миланды» есепте алға шығарды, бірақ матч аяқталар тұста Стефан де Врей таразы басын теңестірді.

Осы нәтижеден кейін «Интер» 51 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде екінші орында қалды. Милан да өз орнын өзгерткен жоқ: 35 ұпаймен команда сегізінші орында. Италия чемпионатының көшбасшысы – қазіргі таңда 53 ұпай жинаған «Наполи». А сериясының келесі турында «Милан» сырт алаңда «Эмполимен» ойнаса, «Интер» өз алаңында «Фиорентинаны» қабылдайды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!