Оқу уақыты: 1 мин

Испанияның аңызға айналған қақпашысы Пепе Рейна мансабын аяқтайтынын жариялады

Испанияның аңызға айналған қақпашысы Пепе Рейна мансабын аяқтайтынын жариялады

Италияның «Комо» клубының қақпашысы Пепе Рейна кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады — деп хабарлайды Marca.

«Керемет мансап аяқталды. Бұл шешімді өткен жылдың қаңтарында жұбайыммен ақылдаса отырып қабылдадым», — деді 42 жастағы футболшы Movistar эфирінде.

Испандық қақпашы өз жолын «Барселонада» бастап, кейін Еуропаның жетекші клубтары — «Ливерпуль», «Бавария», «Наполи» және «Миланда» өнер көрсетті.

Рейнаның жетістіктер тізімі көптеген трофейлерді қамтиды:

  • «Ливерпульмен» Англия Кубогы мен Суперкубогы
  • «Бавария» құрамында Германия чемпионаты
  • «Наполимен» Италия Кубогы
  • «Вильярреалмен» екі Интертото Кубогы

Испания құрамасының сапында қақпашы 2010 жылы әлем чемпионы атанып, сондай-ақ Еуропа чемпионатын екі рет — 2008 және 2012 жылдары жеңіп алды.