11.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испанияда ЧЛ матчынан кейін бәзбіреулер ПСЖ автобусына тас лақтырды

Испанияда ЧЛ матчынан кейін бәзбіреулер ПСЖ автобусына тас лақтырды

Белгісіз адамдар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 6-турында сырт алаңдағы «Атлетик» Бильбаомен (0:0) өткен матчтан кейін «Пари Сен-Жермен» командасының автобусына шабуыл жасаған. RMC Sport мәліметінше, олар түннің кеш уақытында қонақүй алдында тұрған автобусты таспен атқылаған, деп жазады Prosports.kz.

Ойыншылар ол сәтте автобустың ішінде болмаған. Матчтың өзі 0:0 есебімен аяқталды.

Алты турдан кейін «Атлетик» жалпы кезең кестесінде 5 ұпаймен 28-орында тұр. ПСЖ 13 ұпай жинап, үшінші орында.