29.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испания құрамасының жұлдызы Бонмати Еуро-2025 қарсаңында ауруханаға түсті

Испания құрамасының жұлдызы Бонмати Еуро-2025 қарсаңында ауруханаға түсті

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати 2025 жылғы Еуропа чемпионаты қарсаңында вирустық менингиттен емделген Мадрид ауруханасынан шығарылды, деп хабарлайды Испания футбол федерациясы.

«Алтын доптың» екі дүркін иегері Жапониямен жолдастық кездесуге қатыса алмады — команданың жаттығуына қатыса алмағаннан кейін футболшы ауруханаға жатқызылған болатын.

«Осы күндері жіберген хабарламалар мен қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Бақытымызға орай, бәрі жақсы. Жақында оралатыныма үміттімін», — деп жазды Бонмати Instagram-да.

Испания құрамасының бас бапкері Монтсе Томе ойыншының команда үшін маңыздылығын атап өтті:

«Ол біз үшін өте маңызды ойыншы. Біз оны қанша керек болса, сонша күтеміз».

Ұлттық құрама үшін 78 ойында 30 гол соққан Бонмати Бернде өтетін B тобындағы Португалиямен алғашқы ойын алдында жақын күндері құрамаға қосылады.