10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испания полициясы Диогу Жотаның қазасына қатысты деректерді жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Испания полициясы Диогу Жотаның қазасына қатысты деректерді жариялады

Испания полициясы «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота қайтыс болған жол апатына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін мәлімдеді. Еске сала кетейік, бұл қайғылы оқиғада Жота мен оның інісі Андре көз жұмған болатын.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат кезінде көлікті өзі жүргізген — дәлелдер осыны көрсетіп отыр. Сондай-ақ көлік жылдамдығы шектен тыс жоғары болғаны анықталған, бұл да қайғылы жағдайдың басты себептерінің бірі болуы мүмкін.

Бұған дейін Жота тізгіндеген көлік басқа автокөлікті басып озу кезінде шинасы жарылып, жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткені хабарланған.

Сенбі күні «Ливерпуль» клубы Португалияда өткен қоштасу рәсімінде футболшымен соңғы рет қоштасты. Оған клубтың ойыншылары мен басшылық өкілдері қатысты.