09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испания мен Португалия арасында өткен матчта бір жанкүйер қаза тапты

Испания мен Португалия арасында өткен матчта бір жанкүйер қаза тапты

Испания мен Португалия құрамалары арасында өткен UEFA Ұлттар лигасының финалында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайғылы жағдай матчтың қосымша уақытында тіркелді. Жанкүйерлердің бірі стадионның екінші қабатында орналасқан орталық трибунадан БАҚ өкілдері отыратын аймаққа сегіз метр биіктіктен құлап түсіп, оқиға орнында көз жұмды.

Құтқару қызметкерлері дер кезінде әрекет еткенімен, жанкүйерді ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады.

Матчтан кейінгі баспасөз маслихатында қос команданың бапкерлері мен ойыншылары марқұмның отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының финалының жеңімпазы негізгі уақытта анықталмай (2:2), пенальтилер сериясында Португалия 5:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.