03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испания футбол федерациясы төрешілер комитетінің жаңа басшысын тағайындады

Испания футбол федерациясы төрешілер комитетінің жаңа басшысын тағайындады

As басылымының хабарлауынша, Франсиско Сото Балирак ұйымдағы ауқымды кадрлық өзгерістерден кейін Испанияның төрешілер техникалық комитетін басқаратын болды.

Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) басшылық құрамын толық қайта ұйымдастырды — комитет президенті Луис Медина Канталехо, оның орынбасары Антонио Рубинос Перес, ВАР жетекшісі Карлос Клос Гомес және үш вице-президент қызметтерінен босатылды.

Комитеттің жаңа басшысы испан футболының төменгі дивизиондарында төрешілік жұмыс тәжірибесіне ие — ол 2002 жылдан 2015 жылға дейін төреші болған, сондай-ақ Галисиядағы төрешілер комитетінің делегаты және Garrigues Abogados халықаралық заң фирмасының серіктесі болған.

«Біздің төрешілер бригадасы әлемдегі ең үздіктердің бірі, мен мұны сеніммен айтамын. Әлем өзгеруде және біз осы толқынға қосылуымыз керек. Бәрін нөлден бастап, қайта құрамыз. Төрешілік әлемін жақсартатынымызға сенімдімін», — деді Балирак.