06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испан журналисі Ғалымжан Кеңжебектің Уэльске қарсы ойынына тәнті болды

Испан журналисі Ғалымжан Кеңжебектің Уэльске қарсы ойынына тәнті болды

Carrusel Deportivo және Movistar Plus+ басылымдарының өкілі, белгілі испан футбол журналисі және сарапшысы Фермин Суарес Уэльске қарсы өткен жақындағы матчта Ғалымжан Кеңжебектің өнері туралы өз әсерімен бөлісті.

Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кездесуінде Қазақстан құрамасы уэльстіктерден 0:1 есебімен жеңілді — Кеңжебек негізгі құрамда 65 минут алаңда болды.

Ғалымжан Кеңжебек — ыңғайсыз аяқпен ойнайтын оң қанат шабуылшысы. 22 жаста. Батыл, талантты, өткір, соққысы жақсы. Испания жастар құрамасына екі гол соғып, енді негізгі құрамада жарқырап жүр. Кеше Уэльске қарсы керемет ойын көрсетті

Испан сарапшысы X әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында осындай баға берді.