29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Испан клубтары алты жылда алғаш рет еурокубоксыз қалды

Испан клубтары алты жылда алғаш рет еурокубоксыз қалды

2024/25 маусымында испан клубтары — соңғы алты жылда алғаш рет — бірде-бір еуропалық трофейді жеңе алмады.

Примераның соңғы үміті — Бетис — Конференция лигасының финалында лондондық Челсиден 1:4 есебімен жеңілді, ал испан чемпионатының басқа өкілдері еурокубоктардың шешуші кезеңдеріне өте алмады.

Испан командалары үшін еуропалық трофейлерсіз соңғы маусым 2019 жылы болған еді. Содан кейін Севилья 2020 және 2023 жылдары Еуропа лигасын жеңсе, Вильярреал — 2021 жылы, ал Реал Мадрид 2022 және 2024 жылдары Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.