21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Исламиада ойындары: Қазақстандық джиу-джитсу шебері қола жүлдегер атанды

Исламиада ойындары: Қазақстандық джиу-джитсу шебері қола жүлдегер атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мансұр Хабибулла Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мансұр Хабибулла 62 келі салмақта ел намысын қорғады.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Хабибулла Алжир спортшысы Бесо Абдельмалекпен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз жеңіске жетті.