26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Исламхан ұзақ үзілістен кейін «Астанаға» оралды

Исламхан ұзақ үзілістен кейін «Астанаға» оралды

«Астана» футбол клубы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханмен 2025 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойғанын жариялады.

32 жастағы футболшы үшін бұл астаналық клубқа екінші келуі — 2013 жылы ол «Астана» құрамында жарты маусымда 8 ойын өткізген болатын.

«Біз Бауыржанның қазір оңтайлы жағдайдан алыс екенін түсінеміз, оған жарақаттан кейін бұрынғы формасын қалпына келтіру қажет. Бұл жағдайдан ешкім сақтандырылмаған, сондықтан Исламханның ұлттық құрама мен қазақстандық футбол алдындағы еңбегін түсіне отырып, клуб оның толық қалпына келуіне көмек қолын созуды жөн көрді», — деді «Астана» басшысы Саян Хамитжанов.

Клуб басшылығы ойыншының қазіргі физикалық жағдайына қарамастан, «Астана» жоғары білікті футболшыға қалпына келуге уақыт беруге дайын екенін атап өтті.