22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ислам Чесноков «Тұранға» қарсы ойынға қатыспайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ислам Чесноков «Тұранға» қарсы ойынға қатыспайды

25 жастағы Ислам Чесноков ҚПЛ-дің 22-турында «Тұранға» қарсы алаңға шықпайды. Себебі ол 21-турдағы «Ордабасымен» өткен ойында (3:2) сары қағаз алып, маусымдағы төртінші ескертуін жинады. Ережеге сай, бір матчқа шеттетіледі.

Биыл Чесноков 19 матчта 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.