22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Өзін орта салмақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан жұлдыз деп атайтын 26 жастағы ирландиялық спортшы аталған ұсынысын қазақстандыққа әлеуметтік желіде жеткізді.

— Біз 160 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең қауіпті екі жауынгерміз, Жәнібек Әлімханұлы және мен кез-келген адаммен жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Сондықтан бастайық, — деп жазды Маккенна және болашақ жекпе-жектің гипотетикалық постерін жариялады.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар. Ал ирландиялық боксшы орта салмақтағы WBO рейтингінде 13-орында тұрса, IBF рейтингінде 7-орынға жайғасқан.