01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ирина Роднина Софья Самоделкинаның Арутюнянға ауысуын бағалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ирина Роднина Софья Самоделкинаның Арутюнянға ауысуын бағалады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсететін Софья Самоделкинаның жаңа бапкері ретінде Рафаэль Арутюнянның тағайындалуына қатысты үш дүркін Олимпиада чемпионы Ирина Роднина пікір білдірді.

Бұған дейін Ресей намысын қорғаған, қазір Қазақстан чемпионы саналатын 18 жастағы спортшы соңғы әлем чемпионатында (Бостон) 14-орын иеленген еді.

Роднина соңғы маусымдарда Самоделкинаның өнерін жіті бақыламағанын айтқанымен, Арутюнянның деңгейіне жоғары баға берді:

«Арутюнян өзінің кәсіби деңгейін бұрыннан дәлелдеп келе жатқан маман. Бұл — жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Бірақ жақсы нәтиже үшін екі жағдай қатар келуі керек: мықты бапкер мен дарынды спортшы. Сонда ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады», – деді Роднина Vseprosport.ru порталына берген сұхбатында.