25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ипсвичтің жас талантына АПЛ-дің үш клубы қызығушылық танытты

Ипсвичтің жас талантына АПЛ-дің үш клубы қызығушылық танытты

Mail мәліметі бойынша, Премьер-лиганың үш клубы «Ипсвич» қанатшысы Омари Хатчинсонға қызығушылық танытуда.

Ағылшынның жастар құрамасында ойнайтын 21 жастағы футболшы келесі командалардың назарына ілікті:

  • «Эвертон»
  • «Брентфорд»
  • «Фулхэм»

Үш клуб та дарынды шеткі жартылай қорғаушыны жазғы трансфер терезесінде сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.