Оқу уақыты: 1 мин

«Интернасьонал» Ресей клубтарымен жолдастық матчтан бас тартты

«Интернасьонал» Ресей клубтарымен жолдастық матчтан бас тартты

«Интернасьонал» мәскеулік «ЦСКА» және «Спартак» клубтарымен жолдастық кездесу өткізу туралы ұсынысты қабылдамады.

Ресейлік тарап бразилиялық командаға 750 мың еуро өтемақы, Мәскеуде 10 күн тұру және ұшу шығындарын толық өтеуді ұсынған.

Алайда, «Интернасьонал» басшылығы бұл ойындардан бас тартып, клубтық әлем чемпионатына байланысты үзілісті футболшылардың қалпына келуіне пайдалануды жөн көрді.