18.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

«Интер» – «Урава»: Клубтық әлем чемпионатына болжам (22.06.2025)

интер

2025 жылғы 22 маусым күні Астана уақытымен 00:00-де АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында Клубтық әлем чемпионатының екінші туры аясында «Интер» мен «Урава» командалары кездеседі. Букмекерлер бұл жұпта Серия А өкілдерін анық фаворит санайды. Командалардың қазіргі жағдайына тоқталып, болжам ұсынамыз.

«Интер»

Клубтық әлем чемпионатына «нерадзурри» көңілсіз күйде келді. Команда ұлттық чемпионатта соңғы турларда бірінші орынды қолдан шығарып алып, титулсыз қалды. Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткенімен, шешуші ойында ПСЖ-дан 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Турнир басталар алдында ойыншылардың физикалық жағдайына қатысты да сұрақтар туындады. Себебі негізгі құрамның басым бөлігі – 30-дан асқан тәжірибелі футболшылар. Жаңа маусым алдында клуб бапкер ауыстырып, құрамды қайта жасақтауға кіріскен болатын.

Бірінші турда «Интер» Мексиканың «Монтеррей» клубымен кездесіп, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Киву шәкірттері допқа көбірек иелік еткенімен, тек екі ғана дәл соққы жасай алды. Бұл командадағы жаңа өзгерістер мен шаршаңқылықтың белгісі болды.

«Урава»

Жапониялық клуб Клубтық әлем чемпионатына соңғы рет 2007 жылы қатысқан. Ол кезде команда ішкі біріншілікте де үздік болған. Айта кету керек, сол жылы «Урава» Клубтық әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы жапон клубы атанып, турнирде үшінші орын алған. Алайда ол кездегі жарыс форматы қазіргіге қарағанда әлдеқайда жеңілдеу еді.

Ашылу турында «Урава» аргентиналық «Ривер Плейтке» қарсы ойнады. Матч мазмұнды әрі тартысты өткенімен, Буэнос-Айрестік команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Сондықтан, жапондар келесі кезеңге шығу үшін екінші турда ұпай алуға міндетті.

Жеке кездесулер статистикасы

Бұл қос команда бұған дейін бірде-бір рет кездескен емес.

Болжам

«Интер» – «Урава» матчында Серия А өкілдерінің жеңісіне бәс тіккен жөн. Құрам сапасындағы айырмашылық айқын. Тіпті бапкер ауысуы мен қайта құрылу процесіне қарамастан, миландық клубтың тәжірибесі мен деңгейі шешуші рөл ойнайды. Сондықтан «Интердің» -1,5 форамен жеңісіне» бәс тігуді ұсынамыз – коэффициент 1.67.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча